Біз «Атакент» ауруханасының ұжымы, өзіміздің әрекетімізден адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету мен олардың өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған игі істі көреміз.
БІЗДІҢ МИССИЯ
Халыққа сапалы,қауіпсіз және қолжетімді медициналық көмек көрсету.
ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Жоғарғы кәсіпқойлық,өзара құрмет,өзара түсіністік,ынтымақтастық,тілектестік және командалық рух.
БІЗДІҢ КӨРУІМІЗ
«Атакент» аудандық ауруханасы – бұл адамдарға білікті медициналық көмек көрсетуші, тез бейімді, қарқынды дамып келе жатқан медициналық ұйым. Біз – жаңа медициналық және басқару технологияларын енгізу жолында – топбасшы болуға ұмтыламыз. Әлемдік медицина ғылымы тәжірбиесінің алдыңғы жетістіктері мен жаңа технологиялық ресурстарды отандық медициналық үрдісімен үйлестіру және кәсіпқой мамандардың топтық жұмысы, ұжымдық мәдениет пен этика – біздің ұйымның бірлескен жетістігі. Осының барлығы, ұсынылатын медициналық қызметтің жоғарғы сапасын қалыпты сақтауға және қоғамның игілігі үшін қызмет етуді қамтамасыз етеді.
БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ
«ДӘЛЕЛГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНА»
Біз өз қызметімізде нәтижесі көптеген клиникалық сынақтармен дәлелденген емдік-диагностикалық технологияларды ғана қолданамыз.
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ
Қызметкеріміз бен емделушілеріміздің алдындағы әлеуметтік жауапкершілік. Көрсетілген медицина қызметінің сапасын жанжақты барлау. Медицина қызметін пайдаланудың көлемін ұлғайту. Мединалық қызметтің спектрлік жиынтығын ұлғайту. Барлық қызмет барысын үздіксіз жақсартуды барынша автоматтандыру.
Біздің мүдделі мақсатымыз – бізге медициналық көмек үшін келген емделушінің денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туғызу.