«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК - да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 - бабына сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) құрылды.
Директордың бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Қызметті бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасары басқарады. Қызметтің құрамына келесі мамандар кіреді: емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі, сарапшы — дәрігерлер, эпидемиолог дәрігері, бас медбике, заңгер. Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысы директор бекіткен Ережемен реттеледі.
Мақсат:
- Емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету;
- Емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету.
Міндет:
Аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру.
Функциялары:
— бөлімшелер қызметінің өз үдерістерін және рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау аясындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділігін талдау;
— аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;
— аурухана әкімшілігіне тиісті басқару шешімдерді қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты ұсыну;
— қызметкерлер құрамын медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету;
— сапаны жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлер құрамын хабардар ету;
— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау;
— сауалнама жүргізу арқылы емделушілердің медициналық қызметтің деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесі зерделеніп, емделушілердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болғанына қарай сол жерде, бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;
— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.
Құрметті емделушілер!
Егер Сіз:
— медициналық көмек көрсету сапасына қанағат болмасаңыз;
— медициналық қызметкерлер құрамы тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
— тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлермен ақша талап ету деректеріне тап болсаңыз;
— сонымен қатар, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.
ҚЫЗМЕТТІҢ жетекшісі — Ирсаев Салман Аятұлы болып табылады.
Әкімшілік, 1 қабат, 7 кабинет сағат 09.00-дан 18.00-ға дейін, телефоны: 87254132043
Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаған жағдайда, Сіз жүгіне аласыз:
Бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасарына – Джурабекова Сауле Ильясовна.
Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы кез-келген түрде қабылдауға дайынбыз:
Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы.
Пошта арқылы: 160525, ОҚО, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесі, 85
Аурухананың бас дәрігердің блог-платформа арқылы:
Электрондық поштамен:
Сіз сенім телефондары бойынша хабарласа аласыздар. Сенім телефоны: 87254132043
Әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленген мерзімдерде жауап ұсынады.
Оңтүстік облысы денсаулық сақтау басқармасы Бірыңғай ақпараттық Call-орталығы қызмет атқаратыны туралы хабарлайды. Медициналық көмек көрсету жөніндегі сұрақтарымен телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады. Call-орталықтың нөмірі: 8-725-2-39-31-60