Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібі
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы)
- Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті МСАК мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер (педиатр), учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер.
- МСАК күндізгі стационар мен үй жағдайларында да көрсетіледі.
- Дәрігердің немесе орта медицина қызметкерінің үйге шақыртып қызмет көрсетуін учаскелік қызмет (жалпы дәрігерлік) бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) үйлестіреді.
Үйге шақыртып қызмет көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) пациентке өз бетімен МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайы;
дене қызуының 38 Цельсий градустан жоғарылауы;
жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның жоғарылауы;
бірнеше рет қайталанып іштің өтуі;
қозғалысы шектелген омыртқаның және аяқ буындарының қатты ауырсынулары;
бастың айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;
2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, (I – II топтағы) мүгедектік, сал болу, аяқ-қолдың парезі);
3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
4)тасымалдауға болмайтын пациент;
5)МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.
- МСАК ұйымының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула аралау (пәтер аралау) арқылы баруы.
- МСАК деңгейінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай: профилактикалық, диагностикалық, емдік, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамаcыбойынша мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі.
14. МСАК «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі. - МСАК:1) бекіту фактісіне қарамастан шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсеткен жағдайда;
2) жоспарлы түрде – бекітілуі, алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша көрсетіледі.
16. МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде МСАК ұйымының тіркеу орнында бастапқы медициналық есеп құжаттары болып табылатын амбулаториялық науқастың медициналық картасы немесе баланың даму тарихы ресімделеді