Стационарлық көмек көрсету тәртібі
(Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығы)
- Тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетілім болып табылады.
ТМККК шеңберінде пациентті стационарға емдеуге жатқызу:
1) жоспарлы емдеуге жатқызу - медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша;
2) шұғыл айғақтары бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан жүзеге асырылады.
Жоспарлы госпитализацияны ұйымдастыру
- Жоспарлы емдеуге көрсетілімдері болған кезде МСАК-тың немесе медициналық ұйымның маманы пациентке қажетті клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық) зерттеулер (бұдан әрі - зерттеулер), бейінді мамандардың консультациясын жүргізеді.
Емдеуге жатқызу күні автоматты түрде анықталған кезде нәтижелері күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімдердегі зерттеулер (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, биохимиялық талдау, бактериялық себінді) көрсетілген мерзімдері өтіп кеткен жағдайда белгіленген емдеуге жатқызу күніне таяу қайталанады.
Пациент таңдаған стационарда тиісті бейін бойынша бос төсектер болмаған кезде немесе бастапқы таңдалған стационардан ол бас тартқан жағдайда таңдалған стационардың баламасы ұсынылады.
МСАК-тың немесе медициналық ұйымның маманы пациентті таңдалған стационарға емдеуге жатқызу күні және белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күнінде міндетті түрде келу қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Дәлелді себептер бойынша (ауа райы жағдайы, емдеуге жатқызу күнімен теміржол, авто- және авиа көлік кестенің сейкес келмеуі, жол жүру билеттерінің болмауы, отбасылық жағдай (жерлеу, жақын туысының ауруы) белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күніне келу мүмкіндігі болмаған жағдайда пациент бұл туралы МСАК ұйымын, медициналық ұйымды немесе стационарды хабардар етеді. Стационар емдеуге жатқызу күнін бір тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады.
Республикалық клиникаға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болған жағдайда, барлық әдістер қолданылғанда немесе жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері болмағанда пациент ЖММК комиссиясының шешімі арқылы емдеуге жатқызылады.
Шұғыл емдеуге жатқызу тәртібі
Шұғыл жағдайларда пациент стационарға медицина қызметкерінің алып жүруімен медициналық ұйымның, жедел медициналық көмек станцияларының (бөлімшелердің) санитариялық автокөлігімен және санитариялық авиациямен немесе өз бетінше жүгінген жағдайларда жеткізіледі.