Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының негізгі приоритетінің бірі халық денсаулығына үлкен ауыртпалық түсіретін ауруларды ерте анықтау жөніндегі маңызды скринигтік бағдарламаларды одан әрі дамыту болып табылады.
СКРИНИНГ –бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық – медициналық тексерулерден өткізу. Қазақстан –тегін медициналық кқмек көрсету қөлемі шеңберіндегі (ТМККК) 11 скринингтік тесерулер өткізетін жалғыз мемлекет болып табылады .
Учаскелік қызметкерлерінің шақырулары бойынша скринигтік тексерулер өткізіледі.Науқастар(пациенттер) тіркеу бөліміне бармай-ақ , әлеуметтік-психология және алдын ала көмек көрсету бөліміне барып, сол жерде негізгі скринингтік зерттеулер жүргізіледі.Әлеуметтік-психология және алдын ала емдеу бөлімі емхананың сол қанатында 1 қабатта орналасқан.
Скрининг көлеміне мынаулар кіреді:
Антропометриялық өлшемдер (бойы, дене слмағы, бел ауқымы);
Артериялық қысымды өлшеу;
Нысаналы топқа байланысы зертханалық және құралдық зерттеулер өткізу
Жас ерекшелігіне байланысты скрининг тексерулерден келесі топтар өту керек:
- көз ішілік қысымды өлшеу; 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағылар-103 каб.;
- қанындағы холестерин мен глюкоза деңгейі анықтау 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағылар-102 каб.;
- электрокардиография – көрсетілімдер бойынша;
- кардиолог, эндокринолог, офтальмолог дәрігерлер қарауынан өту – көрсетілімдер бойынша.
- Созылмалы В және С гипатиттеріне маркерге қан тапсыру - қауіпті топтағы балалар үшін.
Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі мен жатыр мойны обыры сияқты ауруларды қатты асқынуына, және де осы аурулардан мезгіліне жетпей өліп кетуге жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек:
Әйелдер:
Жатыр мойындағы қатерлі ісікті анықтау үшін скринингтен өту:
- Жатыр мойыны жағындысын патологиялық өзгерістерге цитологиялық зерттеуден өткізу 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағылар-101. каб;
- Акушер-гинеколог, кольпоскопиядан өту; -көрсеткіш бойынша; - 416 каб.;
Сүт безінің қатерлі ісігін анықтау үшін скринигтен өту:• Сүт безін рентгенографиялық зерттеуден өткізу (маммография) 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағылар- 110 каб.;
• маммолога, онколога мамандарына тексерілу– көосеткіш бойынша- каб.334, 331;
Колоректальді ісікті анықтау үшін скринингтан өту
Ерлер мен әйелдер үшін; 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы.
- Тоқ және аш ішектегі ісікті анықтауда нәжісті тапсыру;
- хирург, проктолог, гастроэнтеролог мамандарына тексерілу, эндоскопиялық тоқ және аш ішек зертеулері– көрсеткіштер бойынша, каб.210, 307
Асқазан мен өңештің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтан өту:
Нысаналы топ: ерлер мен әйелдер үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағылар, диспансерлік есепте тұрмайтындарға.
Скринигтен өту екі кезеңнен тұрады:
Асқазан мен өңешті эндоскопиялық зерттеулер өткізу (ФГДС),осы зерттеулерден бүкіл нысаналы топ міндетті түрде өтуі керек.-каб 115.
Көрсеткіштер бойынша асқазан мен өңештің шырышты қабығыныда патологиялық өзгерістер табылса ,асқазан мен өңештің шырышты қабығын патологиясына биопсиясын жасау.
Бауыр қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтан өту:
Вирусты және вирусты емес этиолоиялы бауыр циррозын бойынша есепте тұрғандар, вирусқа қарсы терапиясан өткен бірақ тиімділік бағасын алмаған азаматтардан басқа
Скринигтен өту келесі кезеңдерден тұрады:
Иммунохимииялық немесе иммуноферменті альфа-фетопротеина (АФП) деңгейін анықтау үшін қан тапсыру жылына 4 рет , мерзімділікпен 3 айда 1 рет вирусты этиологиялы бауыр циррозы бар науқастар, жылына 2 рет мерзімділікпен 6 айда 1 рет вирусты емес этиологиялы бауыр циррозы бар науқастар 102 каб.;
Бауырды ультрадыбысты зерттеулерден өту жылына 4 рет мерщімділікпен 3 айда 1 рет вирусты этиологиялы бауыр циррозы бар науқастар үшін және жылына 2 рет мерзімділікпен 6 айда 1 рет вирусты емес этиологиялы бауыр циррозы бар науқастар үшін – АОЦ
Қуықалды безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтен өту
Нысаналы топ:
Ерлер 50, 54, 58, 62 және 66 жастағылар;
Скринигетн өту кезеңі:
Иммунохимиялыққан (ИХА) аналищі жалпы простатқа - крови на общий простат – спецификалық антиген (ПСА)- қан алу каб.102;
Айқындау диагностикасы ( уролог маманның қабылдау саусақпен ректалды зерттеу, пальцевое ректальное исследование, көпнүктелі пункционды биопсия) скринингтік зерттеулер кезеңдері
А) Дайындық кезеңі
Нысаналы топтарды қалыптастыру, ақпараттық сүйемелдеу,скриниг өтуге шақыру, мекен-жайлық шақыруды қолдану,бұқаралық ақпарат құралдары мен электронды құралдарды пайдалану.
Б)Скрининг жүргізу.
Амбулаторлық науқастың (бұдан ары –025-08/у форма) профилактикалық медициналық тексерулерден өту туралы статистикалық картасын(скринингтің) толтыру , науқастың бауыр қатерлі ісігіне скринг өту туралы 30-1/у формасын толтыру, скриниг –тест , зертханалық және құралдық зерттеулер жүргізу. В) Қорытынды.
Анықталған патологиясы бар адамдарды толық тексеріп-қарау және диспансерлік есепке алу, есепке алу-есеп беру статистикалық құжаттарын ресімдеуді аяқтау.
Қазақстан Республикасының әр азаматы жыл сайын профилактикалық медициналық тексерулерден өтуі керек;
балалар-педиатр мамандарына тексерілу, тар көлемді мамандар қабылдауына, қан мен несеп анализін тапсыру, құралдық зерттеулер.
Ересектер-терапевт дәрігеріне тексерілу, кокірек органдарының флюорографиялық зерттеулері,қан мен несеп анализі,әйелдер-гинекологиялық тексерулерден өту керек
Егер сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз, созылмалы аурумен ауыратын болсаңыз, Сіз уақытымен дәрігерге қаралып, оның айтқан кеңетерін орындауыңыз керек!
Қазақстанда скрининг тегін медиңиналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген. Скрининг Сіз тіркелген медицина мекемесінде жасалады.
Егер Сіздің жасыңыз жеке шақыруда көрсетілген болса - скринингтен өтіңіз!